Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
05.04.2017

Мектепке дейінгі білім беру қызметінің сапасы: дөңгелек үстел


Астана, 5 сәуір, Мәжіліс Үйі.

Бейсенбі күні, 6 сәуірде  сағат 11-00-де Мәжілісте Конференц-залда «Мектепке дейінгі білім беру қызметінің сапасы мен қолжетімділігін арттыру туралы» атты тақырыпта дөңгелек үстел өткізіледі.

 

Жұмыс барысына Парламент Мәжілісінің депутаттары, Білім және ғылым министрі, денсаулық сақтау және ауыл шаруашылық вице-министрлері, Астана қаласы әкімінің орынбасары, мектепке дейінгі білім беру кадрларын даярлайтын білім беру ұйымдарының басшылары, мектепке дейінгі тәрбие және оқыту саласындағы үкіметтік емес ұйымдар, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысатын болады.

Білім және ғылым министрінің орынбасары  Эльмира Суханбердиеваның мектепке дейінгі білім беру саласында министрліктің жасап жатқан жұмыстары туралы айтып, баяндама жасайтыны күтілуде.

Мәжіліс депутаттары,  мектепке дейінгі тәрбие және оқыту саласындағы үкіметтік емес ұйымдардың және білім беру ұйымдарының басшылары және басқалар сөз сөйлейді.

 

(Сәуле Досжанова. Т.74-63-01. Ақпаратты ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының  Баспасөз қызметі таратты.)

 

 


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі