Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
05.04.2017

Заңнама және сот-құқықтық реформа комитеті жол жүрісі мәселелері бойынша түзетулерді қарайды


                6 сәуірде, бейсенбі күні, Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің отырысында «Жол жүрісі туралы» Қазақстан Республикасының заңына өзгерістер енгізу туралы» депутаттық заң жобасын қарайды.

 

Комитет отырысы бейсенбі күні, 6 сәуірде сағат 10-00, А-309 кабинетте, үшінші қабатта өтеді.  

 

                Комитет отырысына мемлекеттік органдардың, парламенттік емес саяси партиялардың, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, қоғам қайраткерлері және сарапшылар шақырылды.

                Мәжілісте заң жобасы Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінде қаралып жатыр, жұмыс тобының жетекшісі Мәжіліс депутаты Қанат Мусин.

 

Қаралып жатқан заң жобасы бесінші шақырылған Мәжілістің  «Халық коммунистері» фракциясының депутаттарымен әзірленді және бірінші оқылымда 2015 жылғы 9 желтоқсанда Палатамен мақұлданды.   

                 

(Сәуле Досжанова. Т.74-63-01. Ақпаратты ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының  Баспасөз қызметі таратты.)

 


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі