Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
05.04.2017

Мәжіліс депутаты ЕҚДБ өкілімен кездесті


Астана, 5 сәуір.Мәжіліс Үйі.

Бүгін Еуропалық Қайта құру және Даму банкінің саяси мәселелер бойынша аға кеңесшісі Джонатан Джэймс Эйвс Парламентке келді. Мейманды Мәжілістің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі Мұхтар Ерман кездесті.

Банктің Қазақстандағы қаржы-экономикалық қызметіне қатысты сұрақтардан басқа әңгіме барысында елде болып жатқан конституциялық реформа жайында сөз болды.

Сонымен қатар, Қазақстанның одан әрі даму болашағы мен Мәжілісті заңнамамен қамтамасыз етудегі басымдықтар мен салалық комитеттің қызметі жайы да айтылды.

Джонатан Джэймс Эйвс Қазақстанды тұрақтылықпен қамтамасыз ету үшін жасалып жатқан өзгерістер турасында оң пікір білдірді. Бұл қадам республиканың инвестициялық ахуалын жақсартып, шетелдік инвесторлар соның ішінде Еуропалық Қайта құру және Даму банкіне де  жол ашатынын атап өтті.

Тараптар Қазақстан мен ЕҚДБ арасындағы ынтымақтастық пен байланыстардың көкжиегін кеңейте беруге деген сенімділік білдірді.

(Сәуле Досжанова. Т.74-63-01. Ақпаратты ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының  Баспасөз қызметі таратты.)


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі