Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
07.04.2017

«Қазақстанда «жасыл экономиканы» дамытудың перспективалары: дөңгелек үстел


Астана, 7 сәуір, Мәжіліс Үйі.

 

 «Astana Marriott» қонақ үйінде ҚР Парламент Мәжілісінің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитеті, БҰҰ Еуропалық Экономикалық Комиссиясы (БҰҰ ЕЭК), «Жасыл» экономиканы қолдау мен G-Global-ды дамыту Коалициясы» ЗТБ мен өзге де халықаралық және үкіметтік емес ұйымдармен бірлесе отырып «Қазақстанда «жасыл экономиканы» дамытудың перспективалары: Стратегиялық экологиялық бағалау» тақырыбында Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің төрағасы Г.Щегельский және депутаттар Қ.Каракен және И.Унжакованың төрағалығымен дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстелдің мақсаты Қазақстанда Стратегиялық экологиялық бағалаудың (СЭБ) пайдасы мен артықшылықтары және СЭБ бойынша БҰҰ ЕЭК Хаттамаларын қолдану ережелеріне қатысты Қазақстан Республикасындағы заңнамаларға шолуды талқылау мәселелері болды.

СЭБ мемлекеттік жоспарлау кезеңіндегі экологиялық көріністерді ескере отырып, соның нәтижесінде қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына үлкен әсер келтірмеуді, сондай-ақ «жасыл экономиканы» құру мен климаттың өзгеруіне бейімделудегі құрал болып табылады.

Дөңгелек үстелге Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің депутаттары, сондай-ақ мемлекеттік жоспарлау мен экологиялық бағалау саласындағы саясатты құрайтын орталық мемлекеттік органдар, соның ішінде энергетика, инвестициялар және даму, сыртқы істер, қаржы, ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау, білім және ғылым, әділет министрліктері, Астана қаласы әкімдігі мен қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша халықаралық, бизнес-қауымдастықтар мен қоғамдық бірлестіктердің өкілдері қатысты.

Іс-шарада аталған тақырыптың түрлі аспектілері бойынша ҚР энергетика вице-министрі М.Мырзағалиев, ҚР Энергетика министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитеті төрағасының орынбасары З.Жолдасов, Қалдықтарды басқару департаментінің директоры Ж.Нұрбеков, Астанадағы ЕҚҰО жобалар орталығының басшысы Д.Сабо, БҰҰ ЕЭК Эспо конвенциясының Хатшылығы, қоршаған ортаны қорғау бойынша мүшесі Е.Сантер,  ҚР БҰҰ Даму Бағдарламасының Қазақстандағы тұрақты даму департаментінің директоры Р.Рахимов, Қазақстандағы Еуропалық Одақтың операциялық бөлімінің басшысы Ж-Л.Лаврофф, ҚР Президенті жанындағы «жасыл» экономика бойынша Кеңесінің мүшесі, «Жасыл Академия» ғылыми-білім орталығының директоры Б.Есекина, сонымен қатар қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша халықаралық, бизнес-қауымдастықтар мен қоғамдық бірлестіктердің өкілдері баяндама жасады.  

 

(Ақпаратты ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының  Баспасөз қызметі таратты.)

 

 

 


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі