Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
01.10.2009

Мәжілісте «Марат Оспанов және Қазақстан парламентаризмінің қалыптасуы» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді


Мәжілісте «Марат Оспанов және Қазақстан парламентаризмінің қалыптасуы» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді

 

АСТАНА. 1 қазан. Мәжіліс үйі. Қазанның 2-сі күні Парламент Мәжілісінде осы Палатаның алғашқы шақырылымының төрағасы, қоғам қайраткері Марат Тұрдыбекұлы Оспановтың 60 жылдығына орай бірқатар іс-шаралар өткізіледі.

Осы күні (сағат 12.00-де) Марат Тұрдыбекұлы Оспанов туралы жарық көрген жаңа кітаптардың таныстырылымы болады. Одан кейін (сағат 15.00-де) «Марат Оспанов және Қазақстан парламентаризмінің қалыптасуы» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді.

 

*  *   * 

 

Қыркүйектің 23-24-і күндері  Астанадағы «Алатау» спорт кешенінде М.Оспановтың туғанына 60 жыл толуына орай шағын футболдан жарыс болып өтті. Футбол турниріне Парламент, Үкімет, «Нұр-Отан», Қаржы министрлігі және «Егемен Қазақстан» мен «Казахстанская правда» жалпыұлттық газеттерінің командалары қатысты.

 

 

*  *   * 

 

Марат Оспанов – Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің ХІІ шақырылымының депутаты, Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің ХІІІ шақырылымында Төрағаның орынбасары, бірінші шақырылған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы.

Марат Оспанов Қазақстан парламентаризмін қалыптастыруға көп еңбек сіңірген. Белгілі экономист-ғалым, «Отан» партиясының іргетасын қалаушылардың бірі әрі тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың саясаттағы адал серігі бола білді.

 

 (Айбатыр Сейтақ, Мәжілістің баспасөз қызметінен. Тел: 74-63-02. Seitak@parlam.kz. Ақпаратты Парламент Мәжілісінің Баспасөз қызметі таратты)

 

 

 


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі