Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
11.04.2017

Мәжілісте адам құқықтары жайында халықаралық кездесу болды


Астана, 11 сәуір. Мәжіліс Үйі.

Мәжілістің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Мәулен Әшімбаев, Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы Нұрлан Әбдіров пен Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, ҚР Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның төрағасы Қуаныш Сұлтанов БҰҰ адам құқықтары жөніндегі Комитетінің бұрынғы мүшесі Коте Варджелашвили және Азаматтық және саяси құқықтар жөніндегі орталықтың директоры Патрик Матзенбергпен кездесті.

Тараптар Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне тұрақты емес мүше болып сайланғанына орай ой бөлісті. Президент жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның  жұмысы мен есебі жөнінде айтылды. Қоғамдық ұйымдардың қатысуымен Парламентте қаралған заңдар жайына да тоқталды. Адам дамуының өсуі, әлеуметтік және экологиялық мәселелерді шешу де тілге тиек етілді.

Осы жүздесуге қазақстандық  құқық қорғаушы Евгений Жовтис те қатысты.

 (Сәуле Досжанова. Т.74-63-01. Ақпаратты ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының  Баспасөз қызметі таратты.)

 


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі