Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
11.04.2017

Мәжілісте: «Балаға мейірімді Қазақстан!» кездесуі өтті


Астана,11 сәуір, Мәжіліс Үйі.

 

Мәжіліс депутаты, Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Зағипа Балиеваның төрайымдығымен бала құқығын қорғау белсенділерінің басқосуы өтті.

Кездесуге Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісі депутаттары, тұрақты қызмет ететін «Балаға мейірімді Қазақстан!» халықаралық конференциясы диалогтық алаңдары жетекшілері, Үкіметтік емес ұйымдар мен мемлекеттік гранттарды беру бойынша 2-ші байқаудың жеңімпаздары қатысты.

Гранттардың тақырыптары «Балаға мейірімді Қазақстан!» халықаралық конференциясының диалогтық алаңдарының қызметімен тікелей байланысты.

Қазіргі уақытта осы байқаудың қорытындысы бойынша «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы грант алушылармен жобаларды жүзеге асырудың күнтізбелік жоспары мен нақты сметаларын көрсетумен келісім-шарттар жасасуда.

Кездесудің мақсаты – жұмыс тобының грант алушылармен бірлескен ары қарайғы жұмысын үйлестіру, Үкіметтік емес ұйымдардың жобалары шеңберінде «Балаға мейірімді Қазақстан!» халықаралық конференция ұсыныстарын жүзеге асыру болды.

 

 (Сәуле Досжанова. Т.74-63-01. Ақпаратты ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының  Баспасөз қызметі таратты.)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі