Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
28.04.2017

Мәжіліс Бюросы: Жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды


Астана, 28 сәуір.  Мәжіліс Үйі. Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен өткен Палатаның Бюро отырысында алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды.

Осыған орай депутаттар алдағы сәрсенбіде кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша толықтырылатын Заң жобасын бірінші оқылымда талқылайды деп күтілуде. Ал,  жол жүрісі туралы Заңға өзгерістер енгізу туралы мәселеекінші оқылымда қарастырылатын  болады.

Сондай-ақ, жалпы отырыста Мәжіліс Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер арасындағы қызметтік және азаматтық қаруды өткізу туралы және де «2015 жылғы 8 қыркүйектегі «Табиғи теріден жасалған киім заттары, киімге керек-жарақтар және өзге де бұйымдар» тауар позициясы бойынша тауарларды бақылау (сәйкестендіру) белгілерімен таңбалауды енгізу жөніндегі пилоттық жобаны 2015 – 2016 жылдары іске асыру туралы келісімнің қолданылу мерзімін ұзарту жөніндегі хаттамаларды ратификациялау туралы» заң жобасын қарастырады.

 

 

(ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының Баспасөз қызметі)

 


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі