Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
05.05.2017

Конституциялық заң жобасы бойынша жұмыс тобының отырысы болды


Астана, 5 мамыр. Мәжіліс Үйі.

Бүгін, Мәжілістің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің ұйымдастыруымен «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне оларды Қазақстан Республикасы Конституциясының нормаларына сәйкес келтіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бойынша жұмыс тобының алғашқы басқосуы болды.

Жұмыс тобының жетекшісі депутат Қанат Мусин отырысты жүргізді.

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне оларды Қазақстан Республикасы Конституциясының нормаларына сәйкес келтіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2017 жылғы 10 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар кешені туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 13 наурыздағы № 437 Жарлығын орындау үшін әзірленген.

Заң жобасын қабылдау мақсаты кейбір заңнамалық актілерді «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2017 жылғы 10 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес келтіру болып табылады.

Заң жобасы конституциялық заңдарды қоспағанда, заңнамалық актілерге оларды қолданыстағы Конституцияға сәйкес келтіруге бағытталған қажетті түзетулер енгізуді көздейді.

 

(Сәуле Досжанова. Т.74-63-01. Ақпаратты ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының  Баспасөз қызметі таратты.)

 


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі