Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
11.05.2017

Мәжіліс журналистерге арналған «Парламент сөзі» сыйлығына үміткерлердің өтінімдерін қабылдауды бастады


Астана, 11 мамыр.Мәжіліс Үйі.

Мәжіліс бүгіннен бастап заң шығару қызметін үздік жазып- көрсеткендерге арналған «Парламент сөзі» сыйлығына үміткерлердің өтінімдерін қабылдайды.

Атаулы сыйлыққа Палатаның заң шығарушылық қызметі жайында 2016 жылдың 1 қыркүйегі мен 2017 жылдың 14 маусымы аралығында жарық көрген материалдар қабылданады.

Жеңімпаздар алты номинация бойынша Мәжілістің қызметі туралы үздік телевизиялық, мерзімдік баспасөз, Ғаламтор мен радиоматериалдар, сонымен бірге фото және бейне-материалдар бойынша анықталады. Сондай-ақ, Қазақстан парламенттік журналистикасының дамуы мен өркендеуіне үлес қосқандар да ескерілетін болады.

Сыйлыққа үміткер кандидаттарды бұқаралық ақпарат құралдарының басшылары, шығармашылық одақтар, қоғамдық бірлестіктер ұсынады. Сондай-ақ, бұл бәйгеге өзін-өзі ұсыну арқылы жеке журналистер де қатыса алады.

Өтінім бұқаралық ақпарат құралының, шығармашылық одақтың, қоғамдық бірлестіктің ресми бланкісіндегі, басшы немесе оны алмастыратын адам қол қойған хат, өзін-өзі ұсынған жағдайда – сыйлыққа үміткердің өзі қол қойған хат жөнелтіледі. Осыларға қосымша, сыйлыққа үміткер туралы қысқаша ақпарат (Т.А.Ә. лауазымы, байланыс телефондары, пошталық мекенжайы, электрондық поштасы) көрсетеледі.

Жарияланған немесе эфирге шыққан жарияланымдардың мәтіндері, аудио, бейне-фотоматериалдар не ғаламторда шығарылған материалдар жарамды сілтемелер бірге беріледі.

Өтінімдер 2017 жылдың 15 маусымына дейін қабылданады.

Өтінімді  Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің сыйлығын беру жөніндегі Комиссия жұмыс органына – Мәжіліс Баспасөз қызметіне – 000001, Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 2, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіне немесе smimazh@parlam.kz электронды адресіне жолдау қажет. Қосымша ақпаратты: Мәжілістің ресми сайтынан немесе (8) (7172) 24-38-22 телефоны арқылы алуға болады.

Баспасөз басылымдары мен ғаламтор-басылымдарда жарияланбаған, сондай-ақ теле- және радоэфирге шығарылмаған, парламент тақырыбына сай келмейтін материалдар мен Комиссия жұмыс органына құжат қабылдау мерзімінен өтіп кеткенде  материалдар қарастырылмайды.

Комиссия сыйлыққа номинацияланатын жұмыстарды бағалау кезінде тақырыптың жазылып-көрсетілу тереңдігін, материалды берудегі кәсіби шеберлік пен объективтілікті, оның көркемдік ерекшеліктерін бағалайды. 

Сыйлық иелері Байланыс және ақпарат қызметкерлерінің күні қарсаңында жарияланады.

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Нұрлан Нығматулин өткен сессияның аяғында журналистерге арналған сыйлық белгілеу бойынша Мәжіліс Бюросының шешімін жариялаған болатын.

Биылғы жылы «Парламент сөзі» сыйлығы алғаш рет тапсырылғалы отыр.

 

 

(Мәжілістің Баспасөз қызметі)


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі