Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
02.06.2017

Мәжілісте ғарыш қызметінің даму барысы туралы Үкімет сағаты болады


Астана, 2 маусым.Мәжіліс Үйі.

2017 жылғы 5 маусымда сағат 10.00-де Мәжілістің жалпы отырыс залында «Қазақстан Республикасындағы ғарыш қызметінің даму барысы туралы» тақырыбында «үкімет сағаты» өтеді.

 

Баяндамашы  –  Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бейбіт АТАМҚҰЛОВ.

 

Үкімет сағатына Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының, «Қазақстан Ғарыш Сапары» акционерлік қоғамының,  Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар орталығы» акционерлік қоғамының,  "Республикалық ғарыштық байланыс орталығы" акционерлік қоғамының, «Бәйтерек» Қазақстан-Ресей бірлескен кәсіпорны» акционерлік қоғамының басшылары шақырылды.

Сонымен қатар Қызылорда облысы әкімінің орынбасары, Қазақстан Республикасы Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілі Серік Қожаниязов қатысатыны күтілуде.

 

Үкімет сағаты Мәжіліс Үйінде 5 маусым күні сағат 10-00-де жалпы отырыс залында болады.

 

 «Үкімет сағаты» шеңберінде Мәжілістің жалпы отырыс залының фойесінде көрме ұйымдастырылады.

 

(Сәуле Досжанова. Т.74-63-01. Ақпаратты ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының  Баспасөз қызметі таратты.)

 


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі