Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
06.06.2017

Мәжіліс депутаты «БЕЛАГРО-2017» көрмесіне қатысады


Астана, 6 маусым.Мәжіліс Үйі.

Мәжіліс депутаты, Палатаның Аграрлық мәселелер комитетінің төрағасы Сапархан Омаров 6-8 маусым күндері Беларусь Республикасының астанасы Минск қаласына «БЕЛАГРО-2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесіне қатысуға іс сапармен барады.

Сапар шеңберінде Мәжіліс депутаты Беларусь Республикасы Ұлттық жиналысының өкілдер Палатасының басшыларымен, Аграрлық саясат бойынша тұрақты Комиссиясының төрағасымен, «Қазақстан-Беларус» достық тобының мүшелерімен кездесу жоспарланған.

Сонымен қатар Беларусия агроөнеркәсіп кешендеріне де баратындықтары жоспарда бар.

(Ақпаратты ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының  Баспасөз қызметі таратты.)


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі