Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
08.06.2017

Мәжіліс депутаты Жапон Елшісімен кездесті


Астана, 8 маусым.Мәжіліс Үйі.

Бүгін, Парламентте Мәжіліс депутаты, Қазақстанның ұлттық спорт түрлері қауымдастығының президенті Бекболат Тілеухан Жапонияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Итиро Кавабатамен кездесті.

Әңгіме барысында қазақстан-жапония арасындағы қарым-қатынастың өркендеу мәселесін талқыланды. Олар бір-бірін биылғы жылы Қазақстан мен Жапония арасындағы дипломатиялық қатынастардың 25 жылдық  мерейтойымен құттықтады.

Тараптар ҚР Президенті Н.Назарбаевтың өткен жылғы Жапон еліне жасаған ресми сапарының екі ел арасындағы достық байланысқа  жаңа серпін бергенін атап өтті.

Мәжіліс депутаты жапония жағының Қазақстанда болатын «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне қатысуға ниет білдіргендіктерін қуанышпен қабылдағандықтарын жеткізді.

Парламентші мен дипломаттың жүздесуінде екі ел арасындағы мәдениет пен спорт, ізгілік саласындағы ынтымақтастықтарға ерекше назар аударылып отыратыны әңгіме болды.

Депутат Елшіні «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында тамыз айында өтетін «Кокпар» турниріне шақырды.

(Сәуле Досжанова. Т.74-63-01. Ақпаратты ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының  Баспасөз қызметі таратты.)


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі