Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
08.06.2017

Мәжіліс депутаты моңғолиялық әріптесімен кездесті


                Астана, 8 маусым, Мәжіліс Үйі. Бүгін Мәжілістің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі Мейрам Пішембаев  Моңғолия Ұлы мемлекеттік Хуралының депутаты, Қазақстанмен ынтымақтастық жөніндегі парламенттік тобының төрағасы Дәкей Мұратпен кездесті.

                Парламентшілер екі ел арасындағы қарым-қатынас пен  парламентаралық ыңтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады.

                Әңгіме барысында  Астанада өтетін «ЭКСПО-2017» көрмесіне ерекше көңіл бөлініп, М.Пішембаев Моңғолия тарапына ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары мен байқаушы Саммитіне қатысқандары үшін алғысын жеткізді. 

                Өз кезегінде, мейман еліміздің барлық саладағы жетістіктеріне жоғары баға беріп, Моңғолияның сыртқы саясатында Қазақстанның орны ерекше екенін, еларалық дәстүрлі достық қарым-қатынасты одан әрі жалғастыра беретіндіктерін мәлімдеді.

                Кездесу соңында депутаттар екі ел арасындағы парламентаралық байланыстар мен тәжірибе алмасудың кеңейту қажеттілігін атап өтті.

 

                (Мөлдір Мұса, 74-63-04. Ақпаратты Мәжіліс Аппаратының Баспасөз қызметі таратты. Фото – Жаслан Құспанов.)


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі