Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
09.06.2017

Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің отырысы Семейде өтті


Астана, 8 маусым.Мәжіліс Үйі.

 

Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің «Онкологиялық аурумен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсетудің жай-күйі» атты тақырыбымен көшпелі отырысы Шығыс Қазақстан облысының Семей қаласында болды.

                Отырысқа Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары - Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшелері, Денсаулық сақтау министрлігінің,  Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің өкілдері, Облыстық денсаулық сақтау басқармасының өкілдері, өңірдің онкологиялық қызметінің басшылары, бұқараның өкілдері қатысты.

                Бұл өңірде аталған отырыс өткізуге мынадай себептер болды, Шығыс Қазақстан облысы онкологиялық науқастардың және осы аурудан қайтыс болғандардың саны жағынан елімізде алдыңғы орында, жалпыреспубликалық көрсеткіштен 1,5 есе артық.

Семей қаласындағы сапар барысында депутаттар Радиологиялық орталықтың (Ядролық медицина орталығы) құрылыс объектілерінде және Семей қалалық Мемлекеттік медициналық университетінің 1000 орындық жатақханасында болды, бұл объектілер көп жылдардан бері пайдалануға берілмей келе жатқан нысандар болып табылады.

Сонымен бірге депутаттар, Өңірлік онкологиялық диспансердің жұмысымен танысып, Семей қалалық Мемлекеттік медициналық университеттің ғылыми лабораториясында болды, осы жерде Комитеттің кеңейтілген отырысы өткізілді.

          Отырысты Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің хатшысы, депутат Бейбіт Мамыраев ашты.

          Отырыста тақырып бойынша денсаулық сақтау вице-министрі Л.Ақтаева, Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Ә.Нүсіпова, Қазақ «Онкологии және радиологии» ҒЗИ директоры Д.Қайдарова, Семей қалалық Мемлекеттік медициналық университеттің ректоры Т.Рахыпбеков, Парламент Мәжілісінің депутаты З.Аманжолова, Семей қалалық өңірлік онкологиялық диспансердің бас дәрігері М.Сандыбаев баяндама жасады.

                Отырыс барысында Қазақстан Республикасындағы онкологиялық қызметтің өзекті мәселелері талқыланды.

                Өкінішке орай, республикада жаңадан пайда болған қатерлі ісікті ашу кешігіп жатады. ҚР ДСМ деректеріне жүгінетін болсақ, ауруды ашуда алдын алу жұмыстарына және скрининг іс-шараларын жүргізгенге қарамастан, 83% жағдайда науқастардың өздері келіп қаралған кезде ашылады. Сондықтан онкологиялық аурулар процесінде науқасты ертерек анықтау көрсеткіштерін жақсарту мақсаты қойылып отыр. Сондай-ақ, отырыста қаралған, онкологиямен ауыратын науқастардың 5 жыл бойына ауыруы мәселесі, 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» денсаулық сақтаудың мемлекеттік бағдарламасының орындалмаған индикаторы деп қаралды.

          Барлық мүдделі органдармен бітпей тұрған құрылыс объектілері бойынша маңызды әңгіме қозғалды.

Қатысушылар арасында қаралып отырған мәселелер бойынша белсенді пікір алмасу болып, қорытындысы шығарылды.

 

(С.Досжанова.Ақпаратты ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының  Баспасөз қызметі таратты.)

 

 

 

 

 


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі