Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
22.06.2017

Нұрлан Нығматулин журналистерге «Парламент сөзі» сыйлығын тапсырды


Астана. 22-маусым. Мәжіліс үйі. Бүгін Парламент Мәжілісінде Палата Төрағасы Нұрлан Нығматулин журналистерді келе жатқан Байланыс және ақпарат қызметкерлері күнімен құттықтады.

Қарулы қалам иелеріне арналған салтанат Мәжілістің жалпы отырыс залында өтіп, мерекеге шақырылған журналистер түгелдей халық қалаулыларының орнына жайғасты.

Мерекелік шараға төрағалық еткен Мәжіліс Спикері кез-келген қоғамда журналистердің орны ерекше екенін алға тарта келіп:

   -Сол үшін  Елбасымыз  Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев    тәуелсіздік алған бірінші күндерден бастап     баспасөз  саласының   дамуына   ерекше   көңіл бөліп келеді. Барлық   жағдай жасалып жатыр. Соның нәтижесінде, біздің ақпарат құралдары  тек елімізде ғана емес, халықаралық, тіпті әлемдік деңгейде   жылдам  ақпарат алатын  және  жеткізетін жағдайға     жетті,-деді.

Н. Нығматулин атап өткендей қаламгер қауым күн демей,    түн демей еңбек етіп, тәуелсіз Қазақстанымыздың   дамуына өлшеусіз үлес қосып келеді. Соның ішінде,  Мәжілістің де заң қызметін  бүкіл республикаға,   еліміздің әрбір азаматына   жеткізуде тілшілердің еңбегі зор.  

Осы еселі еңбекке деген құрмет ретінде өткен жылы тікелей Палата Спикерінің бастамасымен Мәжіліс журналистерге арналған «Парламент сөз» сыйлығын тағайындаған болатын.

Мәжіліс Спикері атап өткендей, «Парламент сөзі» атауының да өзіндік мәні бар.

- Өйткені, сөзге тоқтау, сөзді бағалау, сөзді қадірлеу – ол біздің бабаларымыздан келе жатқан   қасиетті жол. Сіздер осы үлкен жолдың заманға сай қалыптасқан,   ақпарат-насихат бағытын    алып жүрсіздер. Сондықтан,   сіздердің   бүгінгі  еңбектеріңіз    ол  -    ертеңгі   тарих,-деді Нұрлан Нығматулин.

Бүгін сол сайыстан үздік шыққан жеңімпаздарға Парламент бейнесінде арнайы жасалған мүсіндер мен дипломдар табыс етілді.

Атап өтер болсақ: «Парламенттік журналистиканы дамытуға қосқан үлесі үшін» номинациясы бойынша «Халық Кеңесі», газетінің редакторы  -  Сарбас Ақтаев  және «Советы Казахстана» газетінің редакторы - Юрий Тараков, «Үздік телевизиялық сюжет үшін» номинациясы бойынша  «Қазақстан» телеарнасының тілшісі  - Индира Асанова және «Хабар» телеарнасының тілшісі  - Асхат Ниязов,  «Үздік баспа жарияланымы үшін» номинациясы бойынша «Айқын» газетінің тілшісі  - Айхан Шәріпов және  «Казахстанская правда» газетінің тілшісі -  Лаура Түсіпбекова,  «Үздік интернет және радио материалы үшін» номинациясы бойынша  «Zakon.kz» ақпарат агенттігінің тілшісі Оксана Скибан және Қазақ радиосының ұжымы,  «Арнайы репортаж» номинациясы бойынша «Астана» телеарнасының тілшісі Айгүл Шайхимова және «Хабар 24» телеарнасының «Жаңалықтар бөлімі», «Үздік бейне – сурет материалы үшін» номинациясы бойынша  «Егемен Қазақстан» газетінен Ерлан Омаров және  «КТК» телеарнасының операторы Владислав Воднев жеңімпаз деп танылды.

                Айта кетейік, «Парламент сөзі» сыйлығын беру бойынша арнайы комиссия құрылған болатын. Комиссияға Мәжіліс депутаты Қуаныш Сұлтанов басшылық етті. Оған журналистерден 80-нен астам материал түсіп, тыңғылықты іріктеуден өтті.

                Мәжіліс Спикері жеңімпаздарды және барша журналистер қауымын кәсіби мерекемен құттықтай келіп, жүгі ауыр,   жауапкершілігі зор маңызды қызметте шығармашылық   табыс тіледі.

Салтанатты рәсімнен кейін қонақтарға мерекелік дастархан жайылды.

 

 (Зәмеш Кеңесқызы – 74-63-02. ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының Баспасөз қызметі)


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі