Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
23.06.2017

Мәжіліс Төрағасының орынбасары Иран-Ислам Кеңесі Мәжілісінің мүшелерімен кездесті


Астана, 23 маусым. Мәжіліс Үйі.

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасары Владимир Божко Иран-Ислам Кеңесі Мәжілісінің мүшелерімен кездесті.

Ирандық депутаттар –  Амир Фарахани, Хассан Абулфазал, Сабагиян Реза, Сейед Бафеги, Хоссейни Мұхаммад Астанада «Инновациялар экономикасын заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ету» тақырыбымен өткен Халықаралық парламенттік конференцияға қатысты. 

Бүгінгі жүздесудің басты тақырыбы – екі мемлекет арасындағы қарым-қатынастар мен Астанадағы халықаралық ЭКСПО жайында болып, меймандар оның жоғары деңгейде ұйымдастырылып өтіп жатқанына тоқталды. Дүниежүзінің алдында тұрған өзекті мәселе – «Жасыл технологияны» дамыту тақырыбын алған осы көрмеден Қазақстанның әлем алдында абыройы көтеріле түсетініне сенім білдірді.

Тараптар алдағы кезеңде парламентаралық ынтымақтастықтың көкжиегін кеңейтуді жүйелі түрде жалғастыру қажеттігіне тоқталды.

(Ақпаратты ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының Баспасөз қызметі таратты.)

 


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі