Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
26.06.2017

Астана-Хельсинки: парламенттік ынтымақтастық


Астана, 26 маусым. Мәжіліс Үйі.

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасары Владимир Божко Финляндия  Республикасы Парламентінің бұрынғы Төрағасы, Қазақстанмен парламентаралық достық тобынының  мүшесі Ээро Хейнялуоммен кездесті.

Бүгінгі жүздесудің басты тақырыбы – екі мемлекет арасындағы парламентаралық қарым-қатынастардың көкжиегін кеңейту болды. Соңғы жылдары жаңа деңгейге көтерілген бұл байланыстардың нәтижесінде парламентаралық депутаттық достық топтары тәжірибе алмасып, барыс-келіс көбейген.

Мәжіліс Вице-спикері меймандар мен Суоми халқын Тәуелсіздіктерінің ғасырлық мерейтойымен және екі ел арасындағы дипломатиялық қатынастардың да 25 жылдығымен құттықтады. Астанадағы халықаралық ЭКСПО-ға Финляндияның қатысып, оның Ұлттық павильонының  тұсауын екі Мемлекеттің Басшылары кескенін  атап өтті.

Әңгіме барысында тараптар серіктестердің сауда-экономикалық дамуын, фин капиталының қазақстан экономикасы, мектепке дейінгі білім және бірқатар мәдени-ізгілікті ынтымақтастық шараларына  қатысынан сөз қозғады.

Жүздесуге Мәжіліс депутаттары Қуаныш Сұлтанов, Меруерт Қазбекова және Наталья Жұмаділдаева қатысты.

 (Ақпаратты ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының Баспасөз қызметі таратты.)

 

 


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі