Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
26.06.2017

Астана-Мадрид: депутаттар жүздесуі


Астана, 26 маусым. Мәжіліс Үйі.

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Мұхтар Ерман Испания Корольдігі Депутаттар Конгресінің мүшесі Хосе Чикильомен  кездесті.  

Бүгінгі жүздесудің басты тақырыбы – екі мемлекет арасындағы қарым-қатынастар мен Астанадағы халықаралық ЭКСПО жайында болып, меймандар оның жоғары деңгейде ұйымдастырылып өтіп жатқанына тоқталды.

Тараптар алдағы кезеңде парламенаралық ынтымақтастықтың көкжиегін кеңейтуді жүйелі түрде жалғастыру қажеттігіне тоқталды.

(Ақпаратты ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының Баспасөз қызметі таратты.)

 

 


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі