Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
26.06.2017

Құлақтандыру


Астана, 26 маусым, Мәжіліс Үйі. Ертең, 27 маусымда сағат 14-00-де Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің конференц-залында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпарат және коммуникациялар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы заңының жобасының тұсаукесерін өткізу жоспарлануда.

Заң жобасын ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігі БАҚ және телерадио хабарларын тарату, ақпараттандыру және байланыс салаларындағы, сондай-ақ ақпараттық қауіпсіздікті қоса алғанда басқа да проблемалық мәселелерді реттеу мақсатында әзірлеген. Заң жобасы бойынша негізгі баяндаманы Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев жасайды.

Тұсаукесерге БАҚ-ның, үкіметтік емес ұйымдардың басшылары мен өкілдері, журналистер, сарапшылар, қоғам қайреткерлері, саяси партиялар мен қозғалыстардың, қауымдастықтардың, сондай-ақ ақпараттақ технологиялар, байланыс, телерадиотарату және коммуникациялар салаларының мамандары шақырылды.

Заң жобасын талқылауға Парламент Мәжілісі тарапынан депутаттар, осы заң жобасын қарау бойынша құрылған жұмыс тобының мүшелері, осы жұмыс тобының жеткшісі, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің хатшысы Бейбіт Мамыраев қатысады.

Тұсаукесерде айталған барлық ұсыныстар мен ескертулердің бәрі жұмыс тобының отырыстарында заң жобасын талқылаған кезде қаралатын болады.

 (74-63-01. Ақпаратты ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының Баспасөз қызметі таратты.) 


 


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі