Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
01.08.2017

Мәжіліс депутаттары ШҚО-дағы іс-сапарларын жалғастыруда


                Астана, 1 тамыз, Мәжіліс Үйі. Аймақтарға іс-сапарлары аясында Мәжіліс депутаттары Снежанна Имашева мен Василий Олейник Өскемен қаласының қылмыстық атқару жүйесі департаментінің  пробация қызметі ұжымымен кездесті.

                Іс-шара өткізілуі барысында адамдарды босатуға дейінгі әлеуметтендірудегі шетел мемлекеттерінің тәжірибесі, жергілікті полиция мен пробация қызметі арасындағы өзара іс-қимыл, пробация қызметінің жұмысын жақсарту жөніндегі ұсыныстарды әзірлеужәне басқа да сұрақтар талқыланды.

                Халық қалаулылары аталған департамент қызметкерлерінің көтерген мәселелерін назарға алып, оларды республика деңгейінде көтеруге уәде берді. Атап айтқанда, бүгінде пробация қызметінің штаттық құрамында психолог жұмыс орнының болмауы мәселесі.

                Сондай-ақ, мәжілісмендер «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша салынып жатқан нысандарды аралады. Депутаттар аймақтағы мемлекеттік бағдарламаның іске-асыру тиімділігін атап өтті.

 

                (Мөлдір Мұса – 74-63-04.Ақпаратты ҚР Парламенті Мәжілісінің Баспасөз қызметі таратты.)


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі