Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
14.08.2017

Кездесуде келесі мәселелер қозғалды


Астана, 14 тамыз, Мәжіліс үйі. Қазақстан Коммунистік Халықтық партиясының төрағасы, Мәжіліс депутаты Владислав Косарев бастаған топ Ақмола облысының Бурабай ауданында сайлаушылармен кездесті.

Партияның Ақмола филиалының хатшысы Б.Мәжитов пен Бурабай аудандық филиалының хатшысы А. Данчев және өзге де партия белсенділері қатысқан жиынға 150 сайлаушы келді.

Жиналған қауым алдында кездесуді ашқан Щучинск қаласы әкімінің орынбасары А.Ахметова алғашқы сөзді Мәжіліс депутатына берді. Халықтық коммунистер фракциясының жетекшісі өз кезегінде Парламент Мәжілісінің өткен сессиясында атқарылған шаруалар жайлы айта келіп, партияның заңшығармашылық жұмысымен сайлаушыларды жан жақты хабардар етті. Бұл ретте депутат конституциялық реформа шеңберінде заңдарға енгізілген түзетулер жайын қозғады.

Мемлекеттік басқаруда заңшығарушы және атқарушы билік рөлін күшейтуге бағытталған билік өкілеттіктерін қайта бөлу, сондай-ақ құқық қорғау және сот билігіндегі өзгерістер де назардан тыс қалмады. Мемлекет басшысының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауының негізгі ережелері туралы және одан туындайтын «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында көтерілген мәселер туралы да өз ойымен бөліскен халықтық коммунист партия фракциясының жұмысы барысымен де таныстырып кетті.

Атап айтқанда, «Халықтық коммунистер» фракциясының жетекшісі ретінде Владислав Косарев жиналғандарды заңнамалық партияның бастамалары барысымен таныстыра отырып, оның өзге де жұмыстарының қырын ашып көрсетуге тырысты.

Реті келгенде депутат сайлаушылармен ауыл шаруашылығындағы өзгерістерге көңілі толатындығымен де бөлісуді жөн көрді. Әйтсе де, депутаттың пайымынша, жергілікті атқарушы билік курорт бизнесін өрге дөңгелете алмай отыр. Бұл ретте міңберге шығып сөйлеген «Курортторг» ЖШС басшысы «Теплотранзит» МКК кәсіпорынымен әлі күнге дейін сот ауыртпалығын көтеріп келе жатқандығына шағымданды.

Жалпы депутаттың жеке қабылдауына 8 адам жазылды. Щучинск қаласының бірқатар тұрғындары жалға берлетін пәтерлерде орын алып жатқан келеңсіздіктерге шағымданып, бұл мәселенің шешімі болады ма деген өткір сауалдарын да ортаға салып жатты. Өйткені сол жалдамалы пәтерлерді жалға алатын демалушылар жергілікті тұрғындардың мазасын алып ғана қоймай, баспананы апанға айналдыратынды да шығарып жүр екен.

Осыған орай депутат Бурабай ауданының ішкі істер бөлімі бастығының міндетін атқарушы Р.Жакеновты шақыртып, аталған мәселе бойынша мәселені шешуді сұрады. Сондай-ақ жергілікті тұрғындарды аурухананы жөндеп бітіру мерзімі, ішкі жолдардың жағдайы, қала саяжайының мәз еместігі және демалатын орынның қалмай бара жатқандығы,

«Щучинский» санаториясы аумағындағы тұрғын үйлерге жылу желісін тарту жайы қызықтыратындығы белгілі болды. Өз кезегінде Щучинск қаласы әкімінің орынбасары А.Ахметова осы көтерілген мәселелер бойынша нақты нендей шаралар атқарылып жатқандығын тілге тиек ете кетті. Мәселен, өзін Л.Леонова деп таныстырған әйел «Богви» ЖШС екі жылдан бері күйеуіне тиесілі 850 мың теңге көлеміндегі жалақысын төлемей келе жатқандығына шағымданды.

Осыған орай депутат аудан прокурорынан қарызды өндіріп алу үшін барлық қажетті шараларды қарастыруды сұрады. Ал Наурызбай батыр ауылы тұрғындарының атынан кездесуге арнайы келген Л.Қасенов осы кезге дейін өз пайларын пайдаланып келе жатқан «Достық» ЖШС жер телімдерін қайтарып беруге ықпалдасуды сұрады.

Осылайша кездесу барысында көптеген мәселелер өткір қойылып, тиісті орындарға жүктелді. Енді аталған мәселелер заң аясында өз шешімін табатын болады.

 

Ақпаратты ҚР Парламенті Мәжілісінің Баспасөз қызметі таратты.


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі