Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
01.11.2017

Мәжіліс Үкімет ұсынған 2017-2019 жылдарға арналған бюджеттік түзетулерді қолдады


Астана, 1 қараша, Мәжіліс үйі. Бүгін Парламент Мәжілісінде Палатаның жалпы отырыс өтті. Онда 2017 - 2019 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы Заң жобасы мақұлданды.   

Аталған Заң жобасымен 2017-2021 жылдарға арналған макроэкономикалық көрсеткіштер болжамының өзгеруіне және жылдың басынан бастап салықтық түсімдердің динамикасын нақтылауға байланысты 2017 жылдың республикалық бюджетіне өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

2017 жылға арналған республикалық бюджет кірістерінің нақтыланған болжамы (трансферттердің түсімдерінсіз) 4 952,8 млрд. теңге сомасында айқындалды немесе 60,8 млрд. теңгеге ұлғайды, оның ішінде салықтық түсімдер бойынша 23,2 млрд. теңгеге, салықтық емес түсімдер бойынша  37,4 млрд. теңгеге, негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер бойынша  206,3 млн. теңгеге ұлғайды. 2017 жылға арналған республикалық бюджеттің шығыстары нақтыланған бюджетпен салыстырғанда 15,1 млрд. теңгеге ұлғайтыла отырып, 11 191,5 млрд. теңге сомасында көзделіп отыр.

Бұдан басқа, қосымша қаражат алатын бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері: Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі – шығыстары жалпы 26,1 млрд. теңгеге ұлғайтылды, оның ішінде ішкі істер органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің лауазымдық жалақысын арттыруға, келісімшарт бойынша әскери қызметшілерге тұрғын үйді жалдау (жалға алу) үшін ақшалай өтемақы төлеуге, күрделі шығыстарға, қоғамдық тәртіпті қорғауға және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, ішкі істер органдарының жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыруға, қылмыстық-атқару жүйесінің қызметін ұйымдастыруға арналған шығыстар.

Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі – шығыстар жалпы алғанда, 18,5 млрд. теңгеге, оның ішінде мал шаруашылығын дамыту және мал шаруашылығы өнімін өндіру, қайта өңдеу, өткізу үшін жағдайлар жасауға ұлғайтылды.

Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі – шығыстар  13,8 млрд. теңгеге, оның ішінде  энергетика, атом энергиясы, мұнай-газ және мұнай-химия өнеркәсібі және қоршаған ортаны қорғау саласындағы қызметті үйлестіру жөніндегі көрсетілетін қызметтерге, облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне газ-тасымалдау жүйесін дамытуға нысаналы даму трансферттеріне, қоршаған ортаның сапасын тұрақтандыру мен жақсартуға ұлғайтылды. 

Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі – шығыстар 44,7 млрд. теңге сомаға, оның ішінде су көлігі мен су инфрақұрылымын дамытуға, күтіп ұстауға, инвестициялар тарту үшін жағдай жасауға, Алматы облысының және Қарағанды облысының бюджетіне Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы шеңберінде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы іс-шараларды іске асыруға нысаналы даму трансферттеріне, өңдеуші өнеркәсіп және инфрақұрылым жобаларын лизингтік қаржыландыруды іске асыру үшін «Қазақстан Даму Банкі» АҚ жарғылық капиталын кейіннен ұлғайта отырып, «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ жарғылық капиталын ұлғайтуға арттырылды. Жалпы осы Заң жобасы Қазақстанның Үшінші жаңғыруының міндеттерін іске асыруды жалғастыруға бағытталған. 

Сонымен қоса, бүгін Мәжілісте Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы және Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы Кодексін қолданысқа енгізу туралы Заңның жобалары екінші оқылымда мақұлданды.

Заң жобасын қарау барысында депутаттар бірқатар түзетулер енгізді. Түзетулердің негізгі бөлігі заң жобасының нормаларын Салық кодексінің жобасына, сондай-ақ жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы Кодексі жобасына қатысты болды.

Осы жалпы отырыста салық салу мәселелері бойынша да өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Заң жобасы екінші оқылымда қабылданды.

 

Бүгін басталған Мәжілістің жалпы отырысы 2 қараша күні Палата бекіткен күн тәртібіне сәйкес өз жұмысын жалғастырады.

 

(Мәжілістің Баспасөз қызметі)


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі