Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
02.11.2017

Сарапшылар кездесуі: ақпарат және коммуникациялар мәселелері бойынша түзетулер


                Астана, 2 қараша, Мәжіліс Үйі. Бүгін, 2 қарашада, Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитеті сарапшылар кездесуін өткізеді.

                Кездесу тақырыбы -  «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпарат және коммуникациялар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын талқылау.

                Іс-шараға парламентшілер, халықаралаық сарапшылар мен Қазақстандағы БҰҰ, ЕҚЫҰ, БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссарының басқармасы, ЮНИСЕФ балалар қоры сияқты халықаралық ұйымдарының өкілдері қатысады.

                Сараптамалық талқылау Астанадағы ЕҚЫУ бағдарламалық кеңсесінің қолдауымен өтеді.

                Талқылауға қатысушылар сөз бостандығы және ақпарат тарату саласындағы халықаралық стандарттарға, сондай-ақ ратификацияланған халықаралық шарттар бойынша Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелеріне сәйкес заң жобалары бойынша ұсынымдарды береді.

                Кездесу 2 қарашада сағат 14-30-да, А-309 кабинетінде өтеді (Мәжіліс ғимараты, үшінші қабат).

 

 (Мөлдір Мұса - 74-63-04. Ақпаратты ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының  Баспасөз қызметі таратты.)

 

                              

 


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі