Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
02.11.2017

Мәжілісте депутаттарға халықты жұмыспен қамту және көші-қоны мәселелері таныстырылады


Астана, 2 қараша, Мәжіліс Үйі. Жұма, 3 қарашада, Парламент Мәжілісінде Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі депутаттарға «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың жұмыспен қамтылуы және көші-қоны мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасын ұсынады.

Жобаны Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Біржан Нұрымбетов таныстырады.

Мәселені талқылауға Халықаралық көші-қон ұйымының Өкілдігі, Қазақстан Кәсіподақтар федерациясы, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы, «Атамекен» ҰКП, Астана қаласы әкімдігінің «Халықты жұмыспен қамту орталығы», «Қазақстанда парламентаризмді дамыту қоры» қоғамдық қоры, Қазақстанның жеке жұмыспен қамту агенттіктері қауымдастығының өкілдері қатысады.

Сондай-ақ, таныстырылымға Ұлттық экономика, Қаржы, Ақпарат және коммуникация, Әділет, Білім және ғылым, Ішкі істер, Ауылшаруашылық министрліктері шақырылды.    

Заң жобасы бойынша жұмысшы топқа Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі Кәрібай Мұсырман жетекшілік етеді.

 

Таныстырылым Мәжіліс үйінде 3 қарашада, сағат 15.00-де конференц-залда өтеді.

 

 

 


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі