Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
03.11.2017

Мәжіліс Бюросы: жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды


Астана, 3 қараша, Мәжіліс үйі. Бүгін Парламент Мәжілісінің Бюро отырысында алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды.               

Бюрода алдағы жалпы отырыста Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану мәселелеріне арналған Кодекс жобасын оған ілеспе Заң жобасымен бірінші оқылымда қарау ұсынылады.

Сондай-ақ жалпы отырыстың күн тәртібінің жобасына Ақпарат және коммуникациялар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Заңның жобасы бірінші оқылымда енгізілмек.

Күн тәртібінде Палатаға бейінді комитеттерге қорытынды әзірлеу мерзімдерін белгілеу бойынша заң жобалары ұсынылды.

Олардың қатарында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ішкі істер органдарының  қызметін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасы және «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңның жобасы ілеспе түзетулерімен бар.

 

         (Мәжілістің Баспасөз қызметі)


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі