Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
06.11.2017

Мәжілісте мемлекеттік аудитті және қаржылық бақылауды жетілдіру мәселесі талқыланды


Астана, 6 қараша, Мәжіліс үйі. Бүгін Мәжілісте вице-спикер Гүлмира Исимбаеваның төрағалық етуімен Үкіметтік сағат өтті. Шараны ашқан вице-спикер депутаттар тарапынан Ұлт жоспары шеңберінде қабылданған заңдардың орындалуына жүйелі түрде мониторинг жүргізілетініне тоқталды.

Ұлт жоспарының 93 қадамын жүзеге асыру мақсатында қабылданған заң,  ол - «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» заңы. Аталған Заңның қолданыста қалай жүзеге асырылып жатқанын, сонымен қатар, қаржы бұзушылықты болдырмауға және оны алдын алуға бағытталған шаралар мен бюджеттік тәртiпті арттыруға, мемлекеттік аудит органдарының өзара әрекет етуінде туындаған проблемаларды шешу тетіктерінің қаншалықты реттелгенін анықтайтын боламыз» - деді Мәжіліс Төрағасының орынбасары.

 Отырыста баяндама жасаған Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов Ұлттық Жоспардың 93-қадамын іске асыру үшін қабылданған Заң Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің жұмысын аудит жүргізу кезінде дәлдік пен алдын алуға екпін жасай отырып, қайта форматтауға мүмкіндік беретінін, өз кезегінде барлық мемлекеттік аудит органдарының бірлескен жұмысының нәтижесінде бұзушылықтарды талдауға және алдын алуға мүмкіндік берілетінін айтты.

Сонымен қоса, Мәжіліс депутаты, Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы Г. Қарақұсова Ұлт жоспарының 93-бағытын іске асыру шеңберінде Парламентте «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» заң аясында айтырлықтай жұмыстар атқарылғанына және мемлекеттік аудит және қаржылық бақылауды жетілдіру бойынша өзінің ұсыныс-пікірлерін жеткізді.

Үкіметтік сағатта Мәжіліс депутаттары аталған Заңды жүзеге асыру барысында анықталған кемшіліктерді ескере отырып, «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылауды жетілдіру туралы» Заңға түзетулер енгізуге бастама көтерді. Ұсынған түзетулер мемлекеттік аудит және қаржы бақылау органдарының кадрлық құрамды жетілдіруге бағытталған. Сонымен қатар, Заң жобасы шексіз және негізсіз тексерулерді болдырмау үшін мемлекеттік аудит пен ішкі бақылау қызметтерінің жедел өзара іс-қимылын реттейді.

                Депуттаттар тарапынын айтылған барлық ұсыныстар мен ескертулерді вице-спикер Гүлмира Исимбаева бүгін парламентшілер қабылдайтын Ұсынымдарда ескерілетінін айтып өтті.    

                (Мәжілістің Баспасөз қызметі, 74-63-01)


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі