Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
06.11.2017

Депутаттарға мемлекеттік функцияларды бәсекелес ортаға беру мәселелері бойынша түзетулер таныстырылады


Астана, 6 қараша, Мәжіліс Үйі. Сейсенбі, 6 қарашада Мәжілісте «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік функцияларды бәсекелес ортаға беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасының таныстырылымы өтеді.

Құжатпен депутаттарды Ұлттық экономика вице-министрі Айбатыр Жұмағұлов таныстырады деп күтілуде.

Отырысқа қаржы, білім және ғылым, әділет, энергетика, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі, денсаулық сақтау, ішкі істер, дін істері және азаматтық қоғам, сыртқы істер, ақпарат және коммуникациялар министрліктерінің және жергілікті атқарушы органдардың өкілдері шақырылды.

Сондай-ақ мәселені талқылауға «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, «Ауыл», «Бірлік», ЖСДП атты саяси партиялардың, қоғамдық ұйымдардың өкілдері мен сарапшылар қатысады.

Заң жобасы бойынша жұмысшы топқа Мәжілістің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі Айзада Құрманова жетекшілік етеді.

Таныстырылым Мәжіліс үйінде 7 қарашада, сағат 12.00-де конференц-залда өтеді (екінші қабат).

 

                (Мөлдір Мұса - 746304. Ақпаратты ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының Баспасөз қызметі таратты.) 


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі