Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
08.11.2017

Қостанай: Комитеттің көшпелі отырысы - «Қатты пайдалы қазбаларды барлау мен игеруді реттеудің халықаралық стандарттарына көшу»


Астана, 8 қараша, Мәжіліс үйі. 9-10 қарашада Қостанайда Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің көшпелі отырысы өтеді.

Талқыланатын тақырып - «Қатты пайдалы қазбаларды барлау мен игеруді реттеудің халықаралық стандарттарына көшу».

                Бағдарлама бойынша Рудный қаласындағы Соколов-Сарыбай тау-кен байыту өндірістік бірлестігінің нысандарымен танысу жоспарланған.

Комитеттің кеңейтілген отырысы «Сарыбай тау-кен байыту өндірістік бірлестігі» АҚ-ның залында өкізіледі.

Отырысты Мәжілістің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің Төрағасы Глеб Щегельский ашса, отырыстың модераторы – осы комитеттің мүшесі  Құралай Қарекен.

Сонымен қатар,  Инвестиция және даму вице-министрі Тимур Тоқтабаев пен «Қазақмыс» ЖШС-нің өкілдері баяндама жасайды деп күтілуде.

Комитеттің отырысында Қостанай облысының экологиялық мәселелері де талқыланады деп жоспарлануда.

 

(74-63-01, Мәжілістің баспасөз қызметі)


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі