Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
09.11.2017

Сауд Арабиясы мен Қазақстан: парламентаралық достық тобының кездесуі


                Астана, 9 қараша, Мәжіліс Үйі. Бүгін Мәжілістің «Қазақстан Республикасы - Сауд Арабиясы Корольдігі» парламентаралық достық тобы Сауд Арабиясы Корольдігінің Консультативтік кеңесінің мүшелерімен кездесті.

                Қазақстан тарапынан аталған топтың жетекшісі Мейрам Пішембаев парламентаралық ыңтымақтастықты нығайтатын осындай кездесулердің ерекше маңыздылығын сөз етті.

                Тараптар Астанада Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың бастамасымен өткізілетін әлемдік діндер съездерінің маңыздылығына ерекше тоқталды.

                Өз кезегінде, Сауд Арабиясының Қазақстанмен достық тобының жетекшісі Ахмад Аль-Гамди екі ел арасындағы жоғары деңгейдегі байланыстар орнатуға жаңа серпін берген рухани, мәдени қарым-қатынастарға баса назар аударды. Сауд Арабиясы Қазақстанды тәуелсіз ел ретінде таныған алғашқы мемлекеттердің бірі екендігін айта келе, мейман Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың жас мемлекетіміздің дамуындағы рөлін атап өтті.             

                Әңгіме барысында тараптар инвестициялық саясат, машина жасау, екі жақты тауар айналымының өсу мүмкіндігі, бейбітшілікті нығайту, терроризмге қарсы күрес, парламентаралық ынтымақтастықты одан әрі кеңейту мәселелері жөніндегі ойларын да ортаға салды.

 

 (Мөлдір Мұса, 74-63-04. Ақпаратты Мәжіліс Аппаратының Баспасөз қызметі таратты. Фото – Жаслан Құспанов.) 


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі