Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
09.11.2017

Нұротандық депутаттар мемлекеттік-жеке меншік әріптестік тетіктерін жетілдіру бойынша кеңес өткізеді


                Астана, 9 қараша, Мәжіліс үйі. Жұма, 10 қарашада, нұротандық депутаттар «Нұр Отан» партиясы Фракциясының жанындағы Экономикалық саясат кеңесінің кезекті отырысын өткізеді.

                Тақырыбы - «Мемлекеттік-жеке меншік әріптестік тетіктерін жетілдіру».

                Кеңес мүшелерінің алдында Ұлттық экономика министрінің бірінші орынбасары Р. Дәленов, «Kazakhstan Project Preparation Fund» (жобаны дайындау қоры) ЖШС Басқарма төрағасы А. Өтембаев және басқа да қатысушылар баяндама жасайды деп күтілуде.

                Кеңес отырысына мүдделі мемлекеттік органдар мен Қазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығы,  Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы мен «Kazakhstan Project Preparation Fund» ЖШС өкілдерінің қатысуы жоспарланған.

Талқылау қорытындысы бойынша Ұсыным қабылдау қарастырылған.  

               

                2017 жылғы 10 қараша, сағат 11.00-де Мәжілістің конференц-залы.

 

(74-63-01, Мәжілістің Баспасөз қызметі)   

                  


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі