Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
10.11.2017

«Нұр Отан» партиясы Фракциясының жанындағы Экономикалық саясат кеңесі Мемлекеттік-жеке меншік әріптестік тетіктерін жетілдіру мәселелерін талқылады


Астана, 10 қараша, Мәжіліс үйі. Бүгін Мәжілісте «Нұр Отан» партиясы Фракциясының жанындағы Экономикалық саясат кеңесінің кезекті отырысы өтті.

                Нұротандық-депутаттар Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың 2017 жылғы 4 қыркүйектегі үшінші сессияның ашылуында берілген тапсырмасына сәйкес «Мемлекеттік-жеке меншік әріптестік тетіктерін жетілдіру» мәселелерін талқылады.

                Ұлттық экономика министрінің бірінші орынбасары Р. Дәленов республикамызда мемлекеттік-жекеменшік әріптестікті дамытудың жай-күйі мен келешегі, оның ішінде мемлекеттік-жеке меншік әріптестік институтын одан әрі дамытуға бағытталған нормаларды қамтитын, бюджеттік заңнаманы жетілдіру жөніндегі заң жобасымен жұмыс істеу туралы сөз қозғады.

Сонымен қатар, кездесу барысында «Kazakhstan Project Preparation Fund» (жобаны дайындау қоры) ЖШС Басқарма төрағасы А. Өтембаев мемлекеттік-жеке меншік әріптестік жобаларын іске асыру туралы Қордың жұмысын баяндады.

Кездесу барысында депутаттар Кеңес мүшелерімен Қазақстандағы мемлекеттік-жеке меншік әріптестік тетігін қолданудың проблемалық мәселелерін қарастырып, талқылады.

Өз кезегінде депутат Б.С. Оспанов мемлекеттік-жеке меншік әріптестіктің мектепке дейінгі мекемелер, емханалар мен медициналық амбулаториялар, мәдени және спорттық нысандарды қосқанда әлеуметтік маңызы бар қызмет салаларының өсу  динамикасын атап өтті.

Сонымен қатар, Мәжіліс депутаттары өңірлерде консультативтік-әдістемелік жұмыстың жоқтығын атап өтті. Сонымен бірге, жеке серіктестікті анықтау рәсімдерінің тәртібі мен мерзімдерін оңтайландыру қажеттілігін атап өтті.

Қорытындылай келе, Парламент Мәжілісіндегі «Нұр Отан» партиясы фракциясының Экономикалық саясат жөніндегі кеңесінің төрағасы Б. Мамраев жедел экономикалық жаңғырту үшін мемлекеттік-жеке меншік әріптестік құралының тиімділігін арттыру қажеттілігін атап өтті. Сонымен қоса, маңызды әлеуметтік мәселелерді шешуге назар аударуды ескере отырып, жобаларды жеңілдікті қаржыландыру мәселесін, соның ішінде «Бәйтерек» ҰАК-ның қаржы институттарын зерттеу қажеттілігіне тоқталды.

Талқылау қорытындысы бойынша Ұсыным қабылданды.

 

 

 


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі