Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
14.11.2017

Қазақстан – Финляндия: парламентаралық ынтымақтастық


Астана, 14 қараша, Мәжіліс Үйі. Бүгін Мәжілістің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Мәулен Әшімбаев Финляндия Республикасы Парламентінің депутаты, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Парламенттік Ассамблеясы жанындағы фин делегациясының мүшесі Илкка Канерва мырзамен кездесті.

                Тараптар Қазақстан мен Финляндия арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына және Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға кіруіне биыл 20 жыл  толғаны жайына ерекше тоқталды.             Сонымен қатар инновациялық даму, инвестициялық саясат туралы әңгіме қозғалды. М.Әшімбаев Финляндияның білім беру тәжірибесі Қазақстан үшін қызығушылық тудыратыны жайлы айтты. 

                И.Канерва бүгінгі кездесудің маңыздылығын атай кете, Қазақстанның ядролық қарудан бас тартуынан бастап, БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне мүше болуна дейінгі үлкен қадамдарына өз құрметін білдірді. Мейман Астанадағы ЭКСПО жайында – оның жоғары деңгейде өткеніне де айрықша тоқталды. Бұл көрмеге Финляндияның белсенді қатысуын М.Әшімбаев ризашылықпен атап өтті.

                Әңгіме барысында екі жақты қатынастарды, соның ішінде парламентаралық байланыстарды кеңейту әлеуеті, серіктестердің сауда-экономикалық дамуын, бірқатар мәдени-ізгілікті ынтымақтастық шаралары қатысынан сөз қозғалды.

                Жүздесуге Мәжіліс депутаты, «Қазақстан - Финляндия» парламентаралық ынтымақтастық тобының жетекшісі Қуаныш Сұлтанов қатысты.

 

(Мөлдір Мұса, 74-63-04. Ақпаратты Мәжіліс Аппаратының Баспасөз қызметі таратты. Фото – Жаслан Құспанов.) 

 


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі