Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
15.11.2017

Нұротандық депутаттар бюджетті жүзеге асыруға және коммуналдық меншікке дайындық мәселелерін қарайды


Астана, 15 қараша, Мәжіліс үйі. Бейсенбі, 16 қарашада Мәжілісте нұротандық депутаттар отырыс өткізеді.

Тақырыбы: «Мемлекет басшысының «Қазақстанды үшінші жаңғырту: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауының аясындағы Ұлт жоспарының 98-қадамды іске асыру шеңберінде 4-деңгейдегі бюджет пен коммуналдық меншікті жүзеге асыруға дайындығы».

Талқылау ҚР Парламенті Мәжілісіндегі «Нұр Отан» партиясының фракциясы жанындағы Өңірлік саясат және мәслихаттармен жұмыс жөніндегі кеңесінің Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтің Парламенттің III сессиияның ашылуында берген тапсырмасына сәйкес өткізіледі.

Кеңестің отырысына «Нұр Отан» партиясы фракциясының басшылары, Мәжіліс депутаттары, Ұлттық экономика, Қаржы, Ақпарат және коммуникациялар, Әділет министрліктерінің өкілдері қатысады.

Кеңестің отырысында жоғарыда аталған министрліктердің өкілдерінің баяндамаларын тыңдау жоспарланып отыр.

Талқылау қорытындылары бойынша отырысқа қатысушыларымен бірге Кеңестің Ұсынымдары әзірленеді.

 

                Отырыс 16 қарашада сағат 15.00-де Мәжіліс үйінде А-309-каб. өтеді.

 

(74-63-01, Мәжіліс Аппаратының Баспасөз қызметі).

 

 


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі