Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
15.11.2017

Мәжіліс депутаттары Астана кедендік бекетіне барады


Астана, 15 қараша, Мәжіліс үйі. Бейсенбі, 16 қарашада, Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің Төрағасы Нұртай Сабильянов бастаған Мәжіліс депутаттары «Астана – кедендік рәсімдеу орталығы» кедендік бекетіне барады.

Комитеттің көшпелі отырысында депутаттар «Астана - 1» кедендік және салықтық әкімшілендірудің ақпараттық жүйесін енгізу бойынша жұмыс барысымен танысады.  

Отырыс сағат 10.00-де Астана-Қарағанды  тас жолында, 45 ғимаратта (Сауда-логистикалық орталығы) басталады.

 

(74-63-01, Ақпаратты Мәжіліс Аппаратының Баспасөз қызметі таратты). 

 


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі