Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
16.11.2017

Нұротандық депутаттар бюджетті және коммуналдық меншікті іске асыруға дайындық мәселелері бойынша ұсынымдар әзірледі


Астана, 16 қараша, Мәжіліс үйі.  Бүгін Мәжілісте «Нұр Отан» партиясының Фракциясы жанындағы Өңірлік саясат және мәслихаттармен жұмыс жөніндегі кеңестің отырысы өтті.

Отырыста «Мемлекет басшысының «Қазақстанды үшінші жаңғырту: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауының аясында «Ұлт жоспары» атты 98-қадамды іске асыру шеңберінде 4-деңгейдегі бюджет пен коммуналдық меншікті жүзеге асыруға дайындығы» туралы.  

Кеңестің отырысында жоғарыда көрсетілген министрліктер өкілдерінің баяндамаларын тыңдау жоспарланып отыр.

2018 жылғы 1 қаңтардан бастап жергілікті өзін-өзі басқарудың жергілікті бюджетін және коммуналдық меншігін халық саны 2 мың адамнан астам аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ деңгейінде, ал 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап барлық жерлерге енгізуді көздейтін жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының Заңы 2017 жылғы 11 шілдеде қабылданды.

Заңды іске асыру мақсатында 30 заңға тәуелді актіні бекітуді көздейтін ҚР Премьер-Министрінің өкімі қабылданды.

Анықтама ретінде:

Қазіргі уақытта барлық заңға тәуелді актілер әзірленді. 12 - Премьер-Министрдің Кеңсесіне енгізілді, 18 - Әділет министрлігінде тіркелді.

Облыстар әкімдіктерінің ақпараттары бойынша барлық ауылдық округтер әкімдерінің аппараттары жергілікті қоғамдастық жиналысында келісіліп, аудандық бюджеттік комиссияларға енгізілген бюджеттер жобаларын әзірледі.

Бұдан басқа, жергілікті өзін-өзі басқару бюджетінің төртінші деңгейі мен коммуналдық меншігін енгізуге дайындық жергілікті өзін-өзі басқарудың дербес бюджеті мен коммуналдық меншігін енгізу бойынша қабылданған іс-шаралар жоспарының шеңберінде жүргізілуде.

Жоспардың 1 және 2-тармақтары бойынша жылжымайтын және жылжымалы мүлік объектілерін анықтау, және оларды тіркеуді қамтамасыз етуге қатысты (орындалу мерзімі: 1-тармақ – 2017 жылғы 1 маусым, 2-тармақ - 2017 жылғы 1 қазан).

Қазіргі уақытта жергілікті атқарушы органдар жылжымалы және жылжымайтын мүлікті ресімдеу және мемлекеттік тіркеу бойынша жұмыс жүргізуде.

Жоспардың 3-тармағы бойынша ауылдық округтердің тұрғындары үшін жылжымайтын мүліктерге құқықтарды ресімдеу мен мемлекеттік тіркеу үшін көрсетілген қызметтің құнын төмендету бойынша шаралар қабылдауға қатысты (орындалу мерзімі: 2017 жылғы 1 шілде).

Қазіргі уақытта техникалық төлқұжатты және бастапқы мемлекеттік техникалық байқаудан бас тарту арқылы өтініш берушінің белгіленген тәртіпте пайдалануға берілмеген тұрғын үйге құқық белгілейтін құжаттарды рәсімдеуге жұмсалған шығындары 10 мың теңгеге қысқартылды.

Анықтама ретінде:

Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 27 ақпандағы кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайларды жақсарту туралы 2017 жылғы 1 маусымнан бастап жаңадан салынған жылжымайтын мүлік объектілеріне арналған техникалық төлқұжат және бастапқы мемлекеттік техникалық байқаудан бас тартылған, осы қызметтің құны 15 мың теңгені құрады.

Техникалық паспортты берудің орнына заңдық кадастрдың ақпараттық жүйесіне ғимараттардың, құрылыстардың және олардың компоненттерінің құны 5 мың теңге тұратын жаңадан құрылған жылжымайтын мүлікке арналған сәйкестендіру және техникалық ақпаратты енгізу көзделеді.

Жер учаскесіне құқықтарды ресімдеу мен тіркеу кезінде өтініш берушінің шығыстары орта есеппен 26,4 мың теңгені құрайды, оның ішінде:

- жерге орналастыру жобасын әзірлеу - 4,1 мың теңге;

- жер учаскесінің шекараларын орнату. - 16,4 мың теңге;

- мемлекеттік актілерді дайындау - 4,8 мың теңге;

- әділет органдарында тіркеу - 1,1 мың теңге.

Жоспардың 4, 5, 6 және 8-тармақтары бойынша жылжымайтын және жылжымалы мүлік жөніндегі уәкілетті органдардың деректер базаларын салыстыруды және өзектілендіруді жүргізу, сондай-ақ олардың толық дайындығын қамтамасыз етуге қатысты (орындалу мерзімі: 4, 5, 6-пункты – 2017 жылғы 1 шілде, 8-тармақ – 2017 жылғы 31 желтоқсан).

Жоспардың 7-тармағы бойынша уәкілетті органдардың ақпараттық жүйелері мен деректер базаларын интеграциялауды қамтамасыз етуге қатысты (орындалу мерзімі: 2017 жылғы 20 желтоқсан).

Халық саны 2000 адамнан астам 1066 ауылдық округтердің 967-нде «Қазпошта» АҚ бар, қалған 99-ы жақын орналасқан және жылжымалы пошта байланысы бөлімшелері арқылы қызмет көрсетіледі.

Жоспардың 10-тармағы бойынша аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің және ауылдық округтердің әкімдерін және олардың аппараттарының қызметкерлерін (бухгалтерлер, заңгерлер) оқытуды аяқтауға қатысты (орындалу мерзімі: 2017 жылғы 1 қыркүйек).

Жергілікті атқарушы органдар ағымдағы жылғы сәуір-тамыз аралығындағы кезеңде мемлекеттік басқару академиясында оқыған жаттықтырушыларды тарта отырып, ӨОО базасында ауылдық округ әкімдері мен олардың аппараты қызметкерлеріне оқыту ұйымдастырып, өткізді.

Мәселен, әкімдер аппараттарының 2861 қызметкері, оның ішінде 916 әкімі оқыды. Оқытудың қорытындысы бойынша өткізілген материалды меңгеру деңгейін анықтау мақсатында қызметкерлер Академия порталында электрондық тестілеуден өтті.

Өткен сайлаудың қорытындысы бойынша 1416 ауылдық округ әкімдерінің 30% жаңадан сайланған әкімдер.

Анықтама ретінде:

957 - қайта сайланды, 459 - жаңадан сайланды.

Осыған байланысты облыстар әкімдіктеріне жаңадан сайланған әкімдердің өңірлік оқу орталықтары базасында арнайы курстардан өтуін қамтамасыз етуі тапсырылды.

Жоспардың 11-тармағы бойынша халық саны 2000-нан астам аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер және ауылдық округтер әкімдері аппараттарын жылдамдығы 512 Кбит/с-тен төмен емес интернетпен қамтамасыз етуге қатысты (орындалу мерзімі: 2017 жылғы 1 қыркүйек).

«Қазақтелеком» АҚ-мен ақпаратына сәйкес 1066 ауылдық округтің 125-і төмен деңгейлі интернетпен қамтылғаны анықталған.

Қазіргі уақытта, жергілікті атқарушы органдардың мәліметі бойынша 125 ауылдық округтың 122-і қажетті интернет жылдамдығымен қамтамасыз етілген, қалған 3-і 2017 жылдың соңына дейін қамтамасыз етіледі.

Талқылау қорытындылары бойынша отырысқа қатысушыларымен бірге Кеңестің Ұсынымдары әзірленді.

Кеңестің отырысында «Нұр Отан» партиясы фракциясының басшылары, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика, Қаржы, Ақпарат және коммуникациялар, Әділет министрліктерінің өкілдері қатысты.

 

(74-63-01, Мәжілістің Баспасөз қызметі)


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі