08.12.2017

Мәжіліс Бюросы: жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды


Астана, 8 желтоқсан, Мәжіліс үйі. Бүгін Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен өткен Палатаның Бюро отырысында алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды.

Онда депутаттардың қарауына «Стандарттау туралы» Заң жобасы ілеспе түзетулерімен ұсынылады.

Сонымен бірге, күн тәртібі жобасында жаңадан жұмысқа алынатын құжаттар да бар. Олар Кинематография туралы және «Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы» Заң жобалары ілеспе түзетулерімен, сондай-ақ, 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Қырғыз Республикасының қосылуы туралы 2014 жылғы 23 желтоқсанда қол қойылған шарттың жекелеген ережелерін қолдану туралы хаттаманы ратификациялау туралы» және 1996 жылғы 16 қыркүйектегі Қазақстан мен Әзербайжан елдерінің Үкіметтері арасындағы табыс пен мүлікке қосарланған салық салуды болдырмау және салық төлеуден жалтаруға жол бермеу туралы конвенцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобалары.

(Мәжіліс Аппаратының Баспасөз қызметі)



Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі