Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
04.01.2018

Алматы: депутаттар дәрігерлермен кездесті


Астана, 4 қаңтар, Мәжіліс үйі. Алматы қалалық кардиология орталығында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасары, «Нұр Отан» партиясы фракциясының жетекшісі Г. Исимбаева және Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі комитетінің төрайымы, Г. Иксанова, Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің мүшесі С.Сейдуманов «100 нақты қадам» Ұлттық жоспарын, ҚР Президентінің Жолдауы мен «Болашаққа бағдар: қоғамдық сананы жаңғырту» мақалаларын іске асыру жолдарын талқылау мақсатында еңбек ұжымымен кездесу өткізді.

Орталықтың дәрігерлері депутаттарға мекеменің қызметі туралы және рентгендік-ота жасау қызметін атқаратын жаңа технология PhilipsAllura (Нидерланды) ангиографиялық құрылғысымен таныстырды. Сонымен қатар, дәрігерлер клиникада ашық жүрек хирургиясындағы қолданатын жаңа әдіс - гибридтік операциялар жайында айтып берді.

Кездесу барысында депутаттар Парламент Мәжілісінің қызметі туралы баяндап, мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалар, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру, сондай-ақ жүйелі реформаларды жалғастырудың маңыздылығын атап өтті.

- «Нұр Отан» партиясы бағдарламасындағы ең басты алға қойған мақсаттардың бірі халықтың денсаулығын жақсарту, өмір жасын ұзарту. Күн сайын мемлекет тарапынан денсаулық сақтау саласына көптеген қаражат бөлінуде, дәрігерлер оқудан өтіп жатыр. Бұрынғы емханалармен қазіргі таңдағы емханаларды салыстырсақ бірқатар оң бағытта өзгерістер бар. Біздің ауруханаларға келу себебіміз, денсаулық сақтау саласындағы ақпараттандыру жүйелерін қолдану барысымен танысу, - деді Гүлмира Исимбаева.

Медицина қызметкерлері өз тарапынан денсаулық сақтау саласындағы ақпараттық жүйелер, цифрландыруды енгізу, кардиологиялық қызметтегі ақпараттық жүйелердің жай-күйіне және халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге қатысты сауалдарын қойды.

Айта кету керек, қалалық кардиологиялық орталық – соңғы бірегей медициналық құралдармен жабдықталған, қазіргі заманғы диагностика, емдеу және науқастарды сауықтыру саласында озық тәжірибесі бар және жаңа әдістерді меңгерген жоғары санатты мамандармен қамтамасыз етілген.

Клиника Еуропаның және Азияның шетелдік орталықтарымен тығыз байланыс орнатфп, Оңтүстік Кореядағы клиникалар мен университеттермен ынтымақтастық туралы меморандумдар жасаған. Кардиохирургияның 2013-2017 жылдарға арналған үрдісін қадағалаудың арқасында оталардың саны артуда, ал асқыну және отадан кейінгі өлім саны азаюда. 2017 жылдың өзінде 600-ден астам ашық жүрекке операция жасалған.

(74-63-03, Мәжіліс Аппаратының Баспасөз қызметі)


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі