Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
04.01.2018

Мәжіліс депутаттарының Павлодар облысына жұмыс сапары


Астана, 4 қаңтар, Мәжіліс үйі. Бүгін Мәжіліс депутаттары Айгүл Нұркина, Айзада Құрманова және Снежанна Имашева Павлодар облысындағы жұмыс сапарында Набережное және Черноярка ауылдарындағы барды. Онда депутаттар 2017-2021 жылдарға арналған тиімді жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлік бағдарламасы аясында ашылған кәсіпкерлік нысандарда болып, мемлекеттік бағдарлама аясында өз кәсібін жүргізіп отырған кәсіпкерлермен кездесті.

-  Қалалық және аудандық деңгейлерде жергілікті өзін-өзі басқарудың меншікті кірістік көздері анықталды. 19 бағыт бойынша қаражат жұмсау өкілеттілігін жекелей жүргізу аудандық деңгейден ауылдық деңгейде жүзеге асырылды. Нәтижесінде, бюджеттің 4 деңгейіне 3,5 млрд. теңге тапсыру жоспарланды. Олардың ішінде, жекелей кіріс – 0,5млрд. теңге, субвенция –3,0 млрд. теңге», - деді депутат А. Құрманова.

Сондай, бүгін Мәжіліс депутаттарының тағы бір тобы Мейрам Пішембаев пен Артур Платонов алюминий өндіретін «Гиссенхаус» ЖШС еңбек ұжымымен кездесті. Халық қалаулылары өндіріс барысымен танысып, жұмысшылармен пікір алмасты.

Аталмыш жоба Қазақстан Республикасы индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асты. Легирланған алюминий өндіру алюминий кластерін құрудағы алғашқы қадам болып табылады. Бұл келешекте облыс пен елімізге күшті экономикалық және әлеуметтік серпін беретін жоба.

Жоба бойынша жалпы инвестициялардың көлемі 4,8 млрд. теңге. Жұмыс орындары саны 50 адам. Кәсіпорынның жобалық қуаты жылына 36 мың тонна легирланған алюминийі өнімі.

 

(74-63-03, Мәжіліс Аппаратының Баспасөз қызметі).


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі