Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
05.01.2018

ОҚО – Ақтөбе – Ақмола: 8 қаңтардағы депутаттық іс сапарлар


                Астана, 5 қаңтар, Мәжіліс үйі. Аймақтарда Мәжіліс депутаттарының сайлаушылармен кездесулері жалғасуда.

                Дүйсенбі, 8 қаңтарда ОҚО-ның Қазығұрт ауданында Мәжіліс депутаттары У.Қайназаров, Б.Жылқышиев, М.Айсина, Б.Оспанов, С.Ахметов, А.Жаилғанова және Ф.Қаратаев «Отырабат-Құрылыс» ЖШС газ блоктарын өндіру бойынша кәсіпорын қызметкерлерімен кездесу өткізеді (10-00, Қазығұрт ауданы, индустриалдық аймақ).

Осы күні Ақтөбеде Г.Щегельский, К.Қаракен «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Ақтөбе өндірістік филиалына барады деп жоспарлануда (сағат 10-00, 312 Стрелковой дивизии, 22, АПФ).

Сондай-ақ, 8 қаңтарда Мәжіліс депутаттары Ж.Ахметбеков пен М.Әшімбаев  Ақмола облысының Қорғалжын ауданы, Қорғалжын ауылының тұрғындарымен (сағат 10-00, Мәдениет үйі) кездеседі.

 

 (74-63-02, Мәжіліс Аппаратының Баспасөз қызметі).

 


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі