Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
08.01.2018

Мәжіліс депутаттары Оңтүстік Қазақстан облысында іс-сапармен жүр


Астана. 8-қаңтар. Мәжіліс үйі. Парламент Мәжілісінің депутаттары,  «Нұр Отан» Партиясы фракциясының мүшелері В.Қайназаров, Б.Жылқышиев, М.Айсина, Б.Оспанов, С.Ахметов, А.Жаилғанова, Ф.Қаратаев өңірлерге іс-сапар барысында Оңтүстік Қазақстан облысында болып, тұрғындармен жүздесті.   

        Халық қалаулылары Майлыошақ елді мекеніндегі индустриялдық аймақ жұмысымен танысты. «Қазығұрт»индустриялық аймағында  жалпы көлемі 12,36 гектар жерді қамтыған. Мұнда 1,9 млрд. теңгені құрайтын 7 жоба бойынша жер телімі берілген. Нәтижесінде 154 жаңа жұмыс орны ашылмақ.

Одан кейін депутаттар «Сапа-2002» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің тыныс-тіршілігімен танысып, жұмысшылармен кездесті. Жүздесу барысында Елбасының бастамасымен қолға алынып жатқан маңызды міндеттер әңгіме өзегіне айналып, депутаттар заң шығармашылық қызметі жөнінде де кеңінен баяндады. 

 


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі