Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
09.01.2018

10 қаңтарда - Мәжіліс депутаттары Жамбыл, Солтүстік Қазақстан және Қарағанды облыстарындағы сайлаушылармен кездеседі


Астана, 9 қаңтар, Мәжіліс Үйі. Ертең Мәжіліс депутаттары Омархан Өксікбаев пен Құдайберген Ержан Жамбыл облысының Байзақ ауданына барады. Онда «Рола-7» ЖШС-нің қызметкерлерімен кездесуі жоспарланған (12-00, Красная Звезда ауылы).

10 қаңтарда Қарағанды облысында Мәжіліс депутаттары Нұрлан Әбдіров, Асқар Базарбаев пен Гүлнар Бижанова «Maker» ЖШС қызметкерлерімен кездесу өткізеді (11-00, Қарағанды қ., Орлов көшесі, 103/2).

Осы күні Солтүстік Қазақстан облысы Достық үйінде депутаттар Айқын Қоңыров, Роман Ким, Юрий Тимощенко мен Шакир Хахазовтың Петропавл тұрғындарымен (14-00) кездесуі өтеді.

 

(Ақпаратты Мәжіліс Аппаратының Баспасөз қызметі таратты – 74-63-05)

 


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі