Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
08.01.2018

Мәжіліс депутаттары ЖОО-дағы келелі мәселелерді көтерді


Астана, 8 қаңтар, Мәжіліс үйі.                 Мәжіліс депутаттары Гүлмира Исимбаева,  Серік Сейдуманов, Гүлнар Иксанова мен Жәмила Нұрманбетова және басқа да депутаттар Алматы қаласындағы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде жоғары оқу орындарының ректорларымен кездесу өткізді.

                Білім ордаларының басшыларымен кездесу барысында Мәжіліс Төрағасының орынбасары, «Нұр Отан» партиясы фракциясының жетекшісі Гүлмира Исимбаева Парламентте қабылданып жатқан заңдар мен енгізілген өзгертулердің маңыздылығы туралы қысқаша баяндады.

                Қазақастан Республикасының кейбір заң актілеріне жоғары оқу орындарының академиялық және басқару дербестігін кеңейту мәселелері бойынша енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар туралы заң жобасы бойынша жұмыс тобының жетекшісі Жәмила Нұрманбетова өз кезегінде қысқаша баяндама жасап, аталған мәселелер бойынша жарыссөздер өткізілді.

                Жиын барысында ЖОО-ның академиялық дербестігін нығайту, колледж бітірген түлектерді  ЖОО-ға  емтихансыз қабылдау,  «Алтын белгіні»   өзінің бұрынғы мәртебесін қайта қалпына келтіру сынды өзекті мәселелер ортаға салынды. 

Отырыс соңында Мәжіліс депутаттары қойылған бірқатар сұрақтарға жауап беріп, түсіндірме берді.


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі