Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
09.01.2018

Мәжілісмендер Алматы облысындағы«Нұрлы жер» нысандары және сүт-тауарлы фермаларының жұмысымен танысты


9 қаңтар, Астана, Мәжіліс үйі.Бүгін Парламент Мәжілісінің депутаттары Әбдіманап Бектұрғанов, Амангелді Дәуренбаев, Сәкен Қаныбеков, Марат Бопазов және Серік Сәпиев өңірлерге жұмыс сапары аясында Алматы облысындағы бірқатар нысандарды аралап шықты.

Халық қалаулылары Талдықорған қаласындағы «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде салынып жатқан көпқабатты үйге барды. Облыс тұрғындарына ағымдағы жылдың сәуір айында 12 қабатты 64 пәтерлі үйқолданысқа берілмек. Жобаның жалпы құны – 479 млн. теңге. Жалпы ғимараттың көлемі – 4829 шаршы метрді құрайды.

Сонымен қатар осы күні депутаттар тапсырыс беруші мен бас мердігер арасындағы сот процестеріне байланысты құрылыс жұмысы кенжелеп тұрған 290 пәтерге арналған тұрғын үйге барды.

Одан әрі депутаттардың жұмыс сапары Көксу ауданының Балпық би кентіндегі сүт-тауарлы фермасында жалғасты.

Ферма директоры Рахым Кәрімов сүт өнімдерімен таныстырып, зауыттың өндірістік қуаттылығы жайында баяндады.Сүт-тауарлы ферма 2017 жылы құрылғанына қарамастан, бүгінде  кәсіпорын бір тәулікте 2000 тонна сүт өнімі өндіріп, 164 ірі қара мал басы бар. Ферма қоражайларының сыйымдылығы 400.  Зауытта бүгін 65 адам еңбек етеді.

Әңгімелесу барысында депутаттар фермер шаруашылығының келешегі мен шығарылатын өнімдердің сапасын бақылау қажеттілігіне тоқталды.

-Жетісу өңірінің ауылшаруашылығы саласында болашағы зор.  Елбасының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауында белгіленген меженің бірі кәсіпкерлікті қолдау және кооперативтер құру мәселесін қарастыру қажет. Біз куә  болған сүт-тауарлы ферма сынды болашақта да жаңа жобалар, сапалы, табиғи өнім өндіретін осындай кәсіпкер азаматтар ел арасынан шығатынына сенімдімін», - дейді депутат Сәкен Қаныбеков.

 

(Мәжілістің Баспасөз қызметі, 74-68-44, сурет пен ақпаратты «Нұр Отан» партиясының Алматы облыстық филиалы ұсынған)

 


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі