Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
09.01.2018

Мәжіліс Төрағасының орынбасары Владимир Божко Қостанай облысында бірқатар кездесулер өткізді


9 қаңтар, Астана, Мәжіліс Үйі. Палата Төрағасының орынбасары Владимир Божко Қостанай облысына жасаған сапары аясында бірқатар өнеркәсіптік кәсіпорындарға барып, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелерімен кездесті.

                Алғашқы кездесулердің бірі Рудный қаласындағы Қазақ арматура-изоляторлық зауытында өтті.

                Кездесу барысында зауыт директорының орынбасары Татьяна Рыбалконың айтуынша өндіріс цехы екі есегі ұлғайып, өнімділік 4 есеге артып, тағы да 20 жұмыс орны ашылады. 

                Бұл компанияға өндіріс орнының әлемдік нарыққа шығуына мүмкіндік береді. Кәсіпорындағы мамандардың пікіріне сүйенсек, қазір өндірген өнімнің 70 пайызы Қазақстанды қамтамасыз етсе, экспортқа әзірге Әзербайжан мен Ресейге шығарыла бастаған. Сондай-ақ, жұмыс орындарының санын 30 адамнан 50-ге дейін ұлғайту жоспарлануда.

                Зауыт жұмысымен жете танысқан В.Божко өндірісті жаңғырту жұмыстары туралы пікірін білдіріп, кәсіпорынның ешқандай несие алмай, инвестиция арқылы жаңғырту жұмыстарын қолға алғалы отырғанына ризашылық білдірді.

Жалпы өндіріс орнын жаңғыртуды биылғы жылдан бастап, 2019 жылы аяқтау жоспарланып отыр.

Жұмыс сапары барысында Мәжілістің вице-спикері Соколов-Сарыбай тау-кен байыту кәсіпорнында болды.

Сондай-ақ, Қазақстан халқы Ассамблеясының депутаттық тобының заңшығарушылық жұмыстағы қызметі туралы В.Божко Қазақстан халқы Ассамблеясының аймақтық және консультативтік-кеңесші органдарының өкілдерімен кездесуінде айтты.

 

 

(Мәжілістің Баспасөз қызметі, 74-68-44)

 


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі