Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
09.01.2018

Көтерілген мәселелер Мәжіліс депутаттарының назарына алынды


Астана, 9 қаңтар, Мәжіліс үйі. Мәжіліс депутаттары Бақытжан Ертаев, Смағұл Бақытбек, Бақытгүл Хаменова, Ирина Унжакова Атырауға келді. 

                Жұмыс сапары барысында халық қалаулылары алдымен «Нұр Отан» партиясы Атырау облыстық филиалында жеке мәселелері бойынша келген азаматтарды қабылдады.

    Кездесу барысында Болат Дәулетияров Чернобыль апатын жоюға қатысқан ардагерлерге жәрдемақы тағайындау туралы мәселе көтерді. Оның айтуынша, қазір мемлекет тарапынан тек мүмкіндігі шектеулі жандар ғана жан-жақты қолдау көріп отыр. Чернобыль апатының ардагерлеріне шипажайда ем алу қарастырылмаған. 

     Сондай-ақ, облыстағы жастар арасындағы жұмыссыздық мәселелесіне тоқталды. Осы ретте, Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Көңілқос Орынбасаров өңірімізде, қазір 5000 жастың жұмыссыз жүргенін айтты. Оның басты себебі ұсынылған жұмыстың жалақысына жастардың көңілі толмайды.  

Парламент Мәжілісінің депутаттары құзырлы орган басшыларынына бұл мәселені жан-жақты зерттеуді және «Жастар тәжірибесі» жобасының кемшін тұстарын анықтауды тапсырды.

Сондай-ақ оқу орындарымен бірлесе отырып, болашақ мамандық иелерімен тығыз байланыс орнатуды ұсынды.

Ал партиядан көмек сұрай келген Надежда Тапиева апатты жағдайдағы үйді паналап отырғанын айтты. Қарт ана Балықшы ықшам ауданындағы 16 пәтерлік үйлердің бірінде тұрады. Қабырғасы сөгіліп, төбесі құлағалы тұрған апатты үйден 3 көршісінің келісім бермеуінің кесірінен көше алмай отыр. Бұл жағдаймен таныспыз, тұрғындарды көшірудің қазір екі жолы бар. Бірі - апатты жағдайдағы болғандықтан тұрғындардың барлығының өтінішін қабылады. Ал, екіншісі мемлекеттік қажеттілікке деп ол 3 адамның келісімінсіз-ақ оларды көшіру. 2018 жылы бұл тұрғындарға үй беріледі. Береке ықшамауданында үй салынып жатыр – дейді Атырау қаласы әкімінің міндетін атқарушы Полымбет Хасанов. Осы орайда депутат Бақытгүл Хаменова жергілікті биліктің қолдан жасалған ереженің салдарынан ондаған адамның өміріне қауіп төндіріп отырғанын сынға алып,  аталған мәселені өзінің жіті бақылауына алатынын, жалпы осы және басқа да кездесулерде көтерілген мәселелер депутаттардың назарына алынып, жұмыс барысында ескерілетінін жеткізді.

 

 

(Мәжілістің Баспасөз қызметі, 74-63-01, сурет пен ақпаратты «Нұр Отан» партиясының Атырау облыстық филиалы ұсынған)


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі