Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
10.01.2018

Индустриялық дамуды мемлекеттік қолдау


                Астана, 10 қаңтар, Мәжіліс Үйі. Мәжіліс депутаттарының Қарағанды облысындағы іс сапарлары барысында  халық қалаулылары мемлекеттік бағдарламалардың орындалуымен танысып, түрлі ұйымдардың қызметкерлерімен кездесті.

Депутаттар Нұрлан Әбдіров пен Гүлнәр Бижанова Қарағанды «Maker» құю-машина жасау зауытында болды.  Кәсіпорын Қарағанды облысындағы машина жасау саласының ірі кәсіпорындарының бірі болып табылады.

Кәсіпорынның негізгі қызмет түрі: тау-кен шахта құрал-жабдықтарын жасау мен жөндеу, «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС кәсіпорындарын қосалқы бөлшектермен және машина жасауға арналған құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету.

Зауыт мемлекеттік қаржылық қолдауды алып қана қоймай, Инвестициялар және даму министрлігінің Инвестициялар комитетімен құрал-жабдықты импортқа шығарған жағдайда баж салығынан босату артықшылығын алуға инвестициялық келісімшарт жасаған.

Сонымен қатар, ағымдағы жылы кәсіпорынға 3 жылға корпоративтік табыс салығын, жер салығын төлеуден босату артықшылығын беретін Заң күшіне енеді.

- Мемлекет басшысы үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын жүзеге асыруға басты назар аударады. Елбасының жаңа Жолдауында «Қазақстандық индустрия жаңа технологияларды енгізудің флагманы болу қажет» деп атап өтті. «Maker» ЖШС нағыз заманауи зауыт. Осы жерде белсенді түрде жаңа технологиялар енгізілуде. Парламент депутаттары өз тараптарынан бизнесті дамытуға ықпал ететін аймақтардың ұсыныстарын жүйелендіруде, нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру үшін жұмыс істеуде, - деді депутат Нұрлан Әбдіров.

                Зауыт басшылығының айтуынша зауыттың тиімді түрде жаңартылуының арқасында 100-ге жуық жаңа жұмыс орны ашылып, заманауи құрал-жабдықтармен жұмыс істей алатын білікті мамандар, технологтардың жетіспеушілігіне тоқталды.

                Бұл мәселені шешу үшін зауыт екі жоғары оқу орны – Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті мен Қ. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетімен меморандум жасап, 2017 жылы «Машина жасау» факультетінде оқитын 102 студент зауытта тәжірибеден өтті.

Осы ретте, ҚарМТУ түлегі Сейфулла Есмағамбетов: «Мен бұл жерде 2017 жылдың сәуір айынан бері жұмыс істеймін. Мен қазір өзіме болашақта өте пайдалы болатын тәжірибе жинақтап жатырмын. Бұл біз үшін өте қажет, өйткені университетте жаңа құрал-жабдықты қалай пайдалану, металмен қалай жұмыс істеу керектігі туралы практикалық білім ала алмайсың» - дейді.

Осылайша, Қарағанды құю-машина жасау зауыты - «Maker» ЖШС үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын жүзеге асырудың жарқын үлгісі ғана емес, өз ісінің нағыз мамандарын даярлайтын тәжірибе орны болып табылады.

 

 (Мәжілістің Баспасөз қызметі, 74-63-05, сурет пен ақпаратты «Нұр Отан» партиясының Қарағанды облыстық филиалы ұсынған).

 

 


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі