Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
10.01.2018

Жамбыл: Мәжіліс депутаттары облыстағы кәсіпорындарға барды


                Астана, 10 қаңтар, Мәжіліс үйі.  Мәжіліс депутаттары Омархан Өксікбаев пен Ержан Құдайберген Жамбыл облысының  бірқатар серіктестіктері  мен кәсіпорындарын аралады. Олар алдымен «Қазфосфат» ЖШС-ның Тараз филиалы  «Минералды тыңайтқыштар зауытына» барды. 

                Халық қалаулылары мұндағы күкірт қышқылы цехында, экологиялық және техникалық бақылау зертханаларында болып, экстракторлық фосфор қышқылы бөлімшесінің жұмысымен танысты.

                Жұмыс сапары барысында депутаттар кәсіпорынның жұмысына оң бағасын беріп, экологиялық жағдайға барынша мән беруді, маңайдағы қала, ауыл тұрғындарының денсаулығына залал келтірмеу қажеттілігіне тоқталды.

                Осы күні депутаттар 365 адамды жұмыспен қамтып, жылына 157 мың пар былғары аяқ киім шығаратын «ТаразКожобувь» серіктестігіне атбасын тіреді.

                Одан кейін Байзақ ауданы, Қызыл жұлдыз ауылындағы «Рола-7» ЖШС жұмысымен танысты. Мұнда «Рола-Ян» біріккен компаниясы да 2017 жылдан бері жұмыс атқарып келеді.

                Кездесуде депутат Омархан Өксікбаев: «Елбасының кеше жарияланған Жолдауында 10 басымдыққа аса қатты мән берілген әлеуметтік салаларды дамытқанда ғана 30 елдің қатарына жылдамырақ аяқ басамыз. Соның ішінде, Жамбыл облысы Қазақстандағы үлкен аграрлы өңір болғандықтан кәіпкерлікті дамыту мәселесін ілгерілу керек» -деді.  

Сондай-ақ, О.Өксікбаев пен Қ.Ержан БАҚ өкілдерімен брифинг өткізіп, сұрақтарына жауап берді.

 

(Мәжілістің Баспасөз қызметі, 74-63-05, сурет пен ақпаратты «Нұр Отан» партиясының Жамбыл облыстық филиалы ұсынған).

 

 

 


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі