Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
11.01.2018

Депутаттар Құрық портындағы паром кешенінің жұмысымен танысты


Депутаттар Құрық портындағы паром кешенінің

жұмысымен танысты

 

Астана, 11 қаңтар,  Мәжіліс үйі. Бүгін Мәжіліс депутаттары Тарас Хитуов, Әлия Сапарова, Мансұрхан Махамбетов Маңғыстау облысындағы еліміздің транспорт-логистика саласының маңызды нысаны Құрық портындағы паром кешенінің жұмысымен танысты.

Паром кешені «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша пайдалануға берілген. Еске сала кетейік, Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаев өткен жылы «Жаңа индустрияландыру: қазақстандық барыстың қадамы» жалпыұлттық телекөпірінде Құрық портындағы жаңа автомобиль терминалын іске қосқан болатын.

Жаңа бағыт бойынша Кавказ, Түркия және Оңтүстік Европа сияқты елдерге қосымша 2 миллион теңге жүк тасымалданатын болады.

Бүгінгі таңда жалпы жобаның құны 32,1 миллиард теңге қаражатты құрайды. Өткен жылы теміржол паромдары арқылы 1 миллион тоннадан астам жүк жіберіліп, жоспар асыра орындалды.

Өткен жылғы желтоқсан айының ортасында жаңа автомобиль паромынан алғашқы қазақстандық және транзиттік жүк жіберілді. Паром кешені арқылы астық, мұнай өнімдері және басқа да халық тұтынатын көптеген тауарлар тасымалданады.  

Жылына 5,1 миллион тонна жүк тасымалдайтын қуатты кешеннің арқасында шетелдермен тауар айналымы артып, еліміздің транспорттық-логистикалық жүйесі  кеңеймек.

 

(Мәжілістің Баспасөз қызметі, 74-63-03, сурет пен ақпаратты «Нұр Отан» партиясының Маңғыстау облыстық филиалы ұсынған)

 

 


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі