Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
11.01.2018

Халық қалаулылары халыққа Жолдауды түсіндірді


Астана, 11 қаңтар, Мәжіліс үйі. Шығыс Қазақстан облысында Мәжіліс депутаттары Евгений Козлов пен Шавхат Өтемісов Ұлан ауданы Восточное ауылының тұрғындарымен кездесіп, Мемлекет басшысының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауын түсіндірді.

-   Жолдауда Президент жүзеге асырылуы тиіс 10 басым бағытты анықтап берді. Бірінші кезекте Елбасы  индустриаландыру мен жаңа технологияларды енгізудің көшбасшысына айналу керектігін атап айтты. Қазақстан әлемдегі дамыған 30 елдің қатарына тезірек енуі үшін сіздермен біз жұмыла жұмыс жасап алға қойылған мақсаттарды толығымен орындауымыз керек. Жолдауда агроөнеркәсіп саласын автоматтандыру айтылды. Біздің ауылшаруашылығымыз бәсекеге қабілетті болуы үшін бүгіннен бастап техникаларды жаңартып, автоматтандыру жүйесіне көшуіміз қажет,- Шавхат Өтемісов.

Сондай-ақ, Жолдаудың әлеуметтік саласын халыққа түсіндірген Евгений Козлов ұстаздардың жалақысының көтерілуі мен әлеуметтік саланы қаржыландырудың артқанын тілге тиек етті.

-                      Ұстаздар жалақысы 30 –дан 50 пайызға дейін жоғарылайды. Бұл дегеніміз, елімізде сапалы білім алуға, сапалы білім беруге барлық жағдай жасалып жатыр деген сөз. Әлеуметтік қолдау саласына бөлінетін қаржы көлемі 12 пайызға артты. Бұл бұрын соңды болмаған көрсеткіш,- дейді ол.

Жиын барысында жергілікті тұрғындар халық қалаулыларына өздерін толғандырған сауалдарын қойды. Сұрақтардың көбі жер беру, ауылшаруашылығын субсидияландыру мен жол жөндеу мәселесіне бағытталды.

Халық қалаулылары кездесу барысында келіп түскен сұрақтарды жазбаша түрде қабылдап, тиісті министрліктерге жолдайтындарын жеткізді.  

 

(Мәжілістің Баспасөз қызметі, 74-63-03, сурет пен ақпаратты «Нұр Отан» партиясының Шығыс Қазақстан облыстық филиалы ұсынған).

 


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі